САЯСИ СЕНІМДІЛІК

lat: Saıası SENİMDİLİK

адамның саясат субъектісі ретінде өзінің білімі, көзқарастары, құндылық бағыттарына сәйкес әрекет жасауға саналы талаптануы. Саяси сенімділік жеке тұлғаның дүниетанымының өзегін құрайды, ал өздерін тәжірибелік әрекеттерден көрсетеді. Саяси сенімнің маңызды бөлігі билік легитимділігі. Егер қоғамда тұрғындардың басым көпшілігі биліктің заңдылығына сенімді болса, онда ол оған сенім арта алады. Мұндай сенім саяси шешімдерді жүзеге асыруда ықпал етеді. Саяси сенім қызметтің барлық кезеңдерін қамтиды. Сенім әріптестер алдаған, үрдістің дамуында саяси құрылым өзін қаралаған жағдайда сенімсіздікпен, саяси аномиямен, саяси маргиналданумен алмасуы мүмкін. Сенім саяси қозғалыстың әртүрлі элементтері сәйкес келген жағдайда туындайды: мүдделер, мақсаттар, әрекет құралдары, т.б. Әр елде саяси сенім әртүрлі ұстанымдар, дәстүр мен күтулерден, биліктің шынайлылығы мен жұмыс істеу қабілетіне деген сенімнен туындайды. Саяси сенім саяси институттар мен көшбасшыларының нақты, нәтижелі қызметі арқылы немесе саяси өмірге тұрғындардың қатысуымен, ашықтықпен, жариялылықпен қалыптасады. Саяси сенім тиімді, саналы деңгейде туындайды, бірақ санасыз да болуы мүмкін. Оны қалыптастыруға, сонымен бірге қоғамдық психологияны алдап-арбауға да болады.